RU
Артур Төлепов айдай сұлу жары мен кішкентай ұлын тойға ертіп келді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Артур Төлепов айдай сұлу жары мен кішкентай ұлын тойға ертіп келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Артур Төлепов айдай сұлу жары мен ұлын өзімен бірге тойға ертіп апарды. Бұл актердің келіншегі мен баласы үшін перзентханадан шыққалы бері алғаш рет ел алдына шығу болса керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отбасылық суретімен Төлепов өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Актер жүктеген фотодан оның жары думанды тойға орамал тартып барғанын аңғаруға болады.

"Аллаға шүкір. Жақсы істер және жақсы ойлар адамды алға жетелейді! Отбасым" , - деп жазған әртіс.

Отандық жұлдыздың белсенді оқырмандары Мадина Төлепованың жиі орамал таға бастағанын жазуда.

Артур Төлеповтың жанұялық суретіне тәнті болған көпшілік оларға ізгі тілектерін білдірген.

"Тіл көзден сақтасын, керемет жанұя" , "Келіншегіңіз сұлу екен. Бақытты болыңыздар" , "Керемет жұпсыздар" , "Не кисе де жарасады Мадинаға, нағыз ибалы да инабатты келін" , "Артұр көбейе беріңіздер. Жүздеріңізден күлкі кетпесін" , - деп жазуда желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
3
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel