RU
Тоқаев Алик Шпекбаевты өз қызметіне қайта тағайындады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Алик Шпекбаевты өз қызметіне қайта тағайындады

Рассказать Вконтакте

Алик Шпекбаев Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Президент бүгін арнайы қаулыға қол қойған деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: liter.kz

Фото: liter.kz

"Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын" , - деп жазылған президент қаулысында.
Еске сала кетейік, бұған дейін де Алик Жатқамбайұлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған.

Алик Шпекбаев Жатқамбайұлы 1957 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

1980 жылы ҚСРО ІІМ Шымкентте арнайы мектебін бітірді.

1987 жылы ҚСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1992 жылы РФ ІІМ Академиясын тәмамдады.

1980-1991 жж. - Алматы облыстық ІІБ бөлімшелерінің оперативті және басшылық құрамы лауазымдарында қызмет етті.

1991-1992 жж. - РФ Академиясының тыңдаушысы.

1995-1997 жж. - Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында қызмет етті.

1997-2000 жж. - Алматы облысы МТКБ басшылық лауазымдарында қызмет етті.

2000-2003 жж. - Алматы облысы ІІБ бастығы қызметін атқарды.

2003-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі қызметін атқарды.

2008 жылғы қараша айында Мемлекет басшысының Өкімімен Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2014-2015 жж. - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары

2016 жылдың 12 қаңтарынан 28 қыркүйекке дейін - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ) төрағасының орынбасары.

2016 жылдың 26 қыркүйегінен бастап - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2017 жылдың 11 желтоқсанынан бастап - Президент Өкімімен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы.

Заң ғылымдарының кандидаты. «Өлім жазасын жою сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасында халықаралық нормалар мен стандарттарды имплементациялау мәселелері» және 15-тен артық мақалалар мен жариялымдардың авторы. Екінші дәрежедегі «Даңқ» ордені, екінші дәрежедегі «Айбын» ордені, «Парасат» ордені, «Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері», 30-дан артық медальдар.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel