RU
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа төрайымы туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа төрайымы туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысының жарлығымен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болып тағайындалған Анар Жайылғанова туралы KAZ.NUR.KZ қызықты мәлімет ұсынады.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Анар Жайылғанова 1969 жылы 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Белтерек ауылында өмірге келді.

1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін аяқтап, осы жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы жоғарғы оқу орнын үздік бағаға тәмәмдады.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы лауазымына ауысты.

Ол 2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының кеңесшісі, 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды.

Жайылғанова 2008 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы парламент сенатының қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Ол 2002 жылы "Қазақстан Республикасында сот қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету" тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

Анар "Қазақстан Республикасы Конституциясына - 10 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.

Еске сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Анар Жайылғанова мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel