RU
Елбасына өлең арнап, танылған жас ақын өзі туралы бар шындықты айтты
Жаңалықтар Қоғам

Елбасына өлең арнап, танылған жас ақын өзі туралы бар шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Белгілі ақын, әлеуметтік желіде Елбасына арнаған өлеңдерімен танылған Балтабек Нұрғалиев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат берді. Ақынның айтуынша, оның президентке арнаған өлеңдері шын жүректен шыққан. Сондай-ақ, желіде өзіне жазылған теріс пікірлерге ол мән бермейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елбасына өлең арнап, тыналған жас ақын өзі туралы бар шындықты айтты

Балтабек Нұрғалиев. Фото: Видеодан алынған кадр

«Мен туралы желіде жазылатын пікір көп. Бірақ мен әдебиеттен, әдебиет тарихы мен теориясынан асып кеткен емеспін. Бәрі өз ретімен. Елбасы мен оның жақындарына арнаған өлеңдерім шын жүректен шыққан туынды. Бұл үшін жоғары жақтан тырнақтай да дәмем болған жоқ және өлеңді сыйлық алсам деп жазған жоқпын», - дейді Балтабек.

Балтабек Нұрғалиев өзінің Болат Назарбаевқа не үшін кітап арнағанын да түсіндіріп өтті.

«Болат ағамыз қаншама мұқтаж отбасылар мен жетімдерге көмек беріп келеді. Ол кісінің шапағатын көрген қаншама жан бар. Сондықтан, оған арнаған өлеңдерім де ізгі ниетпен жазылған. Мұндай қиын заманда ешкім бұлай көмектесе бермейді. Оның көпшілікке жасаған қайырымдылығы менің жүрегімді елжіретті», - деді ол.

Жас ақын әлеуметтік желіде өзі туралы жазылатын жағымсыз пікірлерге құлақ аспайтынын жеткізді.

«Қандай да бір танымал ақындардың бірде-бірі жеке өзіме келіп, ескерту айтқан емес. Өйткені, менің тіліме 18 мың ғалам сыйы тұр. Оларға «менімен ойнамаңдар» дегім келеді. Әрине, көптеген теріс пікірлер көңіліме тиеді. Бірақ мен мән бермеймін», - дейді ақын.

Балтабек Нұрғалиев өлеңді тапсырыспен жазатынын жоққа шығарды.

«Жоғары жақтан қандай да бір саяси тапсырыс алған емеспін. Ондайдан дәмелі де емеспін. Бәрі шын жүрегімнен шыққан», - дейді ақын.

Сіздің реакцияңыз
25
1
1
1
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel