Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы митинг: Ұсталғандар не нәрсеге шағымдануда?

Опубликовано:

ҚР адам құқықтары жөніндегі өкілетті аппараттың баспасөз қызметі Алматы мен Нұр-Сұлтандағы санкцияланбаған митингілерге қатысқаны үшін сотталған адамдардың жазаны қандай жағдайда өтеп жатқаны туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: nv.ua
Көрнекі фото: nv.ua: UGC

Омбудсменнің шешімі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарының ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік топтары таяуда өткен митингте ұсталған азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын тексеру мақсатында ұстау орындарына жіберілді.

Өңірлік топтар өздері барған сәтте Алматы мен елордадағы митинг кезінде ұсталған 484 адамы бар 20 арнайы мекемеге бас сұқты. Олардың әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізілді.

Тексеру барысында аталған мекемедегі жағдайға немесе әкімшіліктің іс-қимылына қатысты шағымдар түскен жоқ. Ол жерде тамақ пен медициналық көмек қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, азаматтардың әрқайсысымен жеке әңгімелесу кезінде олардың басым бөлігі ұстаудың себебіне, полиция бөлімшелері мен уақытша шеттетілу орындарында ұзақ уақыт өткізуіне және заң көмегіне қолжетімсіздікке қатысты құқықтарының бұзылғанын айтып, шағымданды.

Хабарламада айтылғандай, өңірлік топтардың жұмысы ұсталғандардың жақындарына олардың қайда екенін білуге көмектескен.

Тексерістің нәтижелері Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларға сәйкес азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау үшін Бас прокуротураға жіберілді.

Бұған дейін заңсыз митингке қатысқан мыңға жуық адам ұсталғаны хабарланған еді. Әкімшілік жазаға 957 адам тартылды. Олардың ішінде 670 адам абақтыға қамалып, 115-іне айыппұл салынды, ал 172-і ескертілді.

Осыдан кейін президент Қасым-жомарт Тоқаев оқиға орнында кездейсоқ болып қалған кінәсіз адамдарды босату туралы Бас прокуратураға тапсырма берді.

Кейінірек, ол Еuronews телеарнасына адамдардың санкцияланбаған митингке не үшін шыққанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799654-kazakstandagy-miting-stalgandar-ne-nrsege-sagymdanuda/

pixel