RU
ЭКСПО-ға келіп қазақ елін тұрақтап қалған африкалық келіншектің қазіргі жағдайы қалай? (фото)

ЭКСПО-ға келіп қазақ елін тұрақтап қалған африкалық келіншектің қазіргі жағдайы қалай? (фото)

Рассказать Вконтакте

2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесіне келіп, кейін қазақ жігітінен аяғы ауырлап, елде қалып қойған Моника Каптың оқиғасы көпшілікті дүр сілкінткен еді. Екі жылдан астам уақыт бойы Қазақстанды паналап келген африкалық әйелдің қазіргі жағдайы қалай? KAZ.NUR.KZ тілшісі қара нәсілді келіншектің бүгінгі жағдайымен танысып қайтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Моника қазақ еліне 2017 жылдың басында келген. Елордалық дәмханалардың бірінде ән айтып, би билеп нәпақа тапқан ол, қазақ жігітінен жүкті болып, Қазақстанда қалып қояды.

"Қазақстанға келгеніме екі жыл болды. Ата-анам, жақындарым Конгода болса да, ол жаққа қайтқым келмейді. Олар менің осында екенімді біледі. Қазір қызым Блэссинг екеуміз Аналар үйін паналап отырғанымызға төрт айдан астам уақыт өтті.

Қызым Блэссингке өзім әке, өзім шеше болып отырған жайым бар", - деп күрсінді Моника.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Африкалық келіншек бүгінде босқын мәртебесін алу үшін сотқа апелляция беріп қойған.

"Егер барлығы жақсы болып, сот менің пайдама шешілсе, осы елде кем дегенде үш жылдай уақыт боламын. Жалпы қазақ еліне басымды иіп рахмет айтамын. Мені қабылдап, қызым екеумізді бауырына басты.
Нұр-Сұлтанға да үйренісіп қалдық. Бастапқыда суығы мен аязына етіміз үйренбесе де, кейін оған де үйрендік. Сосын маған Алматы қаласы да ұнайды, өте әдемі қала", - деп ағынан жарылды Моника.

Аналар үйін паналаған келіншек қазіргі жағдайының жақсы екенін айтты. Сегіз айлық қызы Блэссинг те бұл жерге әбден үйренген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Блэссингті біз еркелетіп Маша дейміз. Моника да осы жерге үйренді. Қыздармен тату тұрады, бәрі бір қалыпты", - дейді елордадағы аналар үйінің үйлестірушісі.

Сіздің реакцияңыз
13
8
2
0
0
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel