RU
"Әкелерінен қорқады": Жігіттерге алданып, жүктілігін жасыратын қай өңірдің қыздары?
Жаңалықтар Қоғам

"Әкелерінен қорқады": Жігіттерге алданып, жүктілігін жасыратын қай өңірдің қыздары?

Рассказать Вконтакте

Елордада жігіттерге алданып, аяғы ауыр болып қалған арулар Аналар үйін паналап жүр. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтандағы аналар үйінде 13 бірдей келіншек тұрып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Life.ru

Көрнекі фото: Life.ru

Аналар үйінің үйлестірушісі Айжан Диханованың айтуынша, жігіттерге алданып қалатын қыз-келіншектердің көпшілігі оңтүстік өңірдің арулары екен.

"Қазір бізде 13 келіншек бар. Көпшілігі Шымкент, Тараз қалаларының қыздары. Жалпы мұнда келетін арулардың 80 пайызға жуығы сол жақтың қыздары. Олар елордағы жұмыс іздеп келіп, осында жігіттерге алданып қалып жатады", - деп түсіндірді маман.

Ол оңтүстіктің бойжеткендері көп жағдайда әкелерінен қорқып, елдеріне қайтпайтынын жеткізді.

"Түрлі жағдайлар болады, осындағы қыздардың көпшілігінің ата-аналары, туған-туыстары бар. Бірақ олар соларға жүкті екендіктерін айтуға қорқып, жасырып қалады.

Кейін балаларын босанып, қайда барарларын білмей, осы аналар үйін пана етеді. Оңтүстікте қызға қатты қарайды, көбісінің әкелері қыздарының қазіргі жағдайы туралы білмейді. Қыздар әкелерінен қатты қорқады", - деді Аналар үйі үйлестірушісі Айжан Диханова.

Сіздің реакцияңыз
15
4
2
7
1
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel