RU

Ғалымдар: Балықтарда адамдар сияқты махаббат сезімі болады

Бургундия университетінің ғалымдары балықтардың арасында махаббат болатынын болжады. Олар арнайы зерттеуді балықтардың 33 түріне жасап көрген деп хабарлайды inopressa.ru-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: inopressa.ru
Көрнекі фото: inopressa.ru: Depositphotos

Францияның Дижоне қаласы Бургундия университетінің ғалымдары цихлид деп аталатын балықтың сыңарынан айырғанда, оның әрекетінде өзгерістер болатынын байқаған.

Олар тіпті белсенді болмай, қоректенуден қалған екен.

"Бұдан балықтардың адам сияқты махаббаттан күйзеліске ұшырайтынын байқауға болады.

Біз осы болжамды дәлелдеу үшін, балықтың 33 түріне тәжірибе жасадық.

Олар сыңарынан айырғанда өздерін әлсіз сезінсе, сыңарын қайта жанына әкелгенде, белсенді бола түскенін байқадық", - дейді ғалым Франсуа-Ксавье Дешам-Моншармен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799681-galymdar-balyktarda-adamdar-siakty-mahabbat-sezimi-bolady.html