RU
Алматыда алаяқтық жасаған мұғалім ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда алаяқтық жасаған мұғалім ұсталды

Рассказать Вконтакте

Өзін Білім министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған Қарағанды облысының оқытушысы Алматыда алаяқтықты кәсіп еткен деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ПД, 7news.kz

Фото: Алматы қаласы ПД, 7news.kz

Ведомствоның мәліметінше, ұзақ уақыт бойы Балқаш қаласы жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Қазақстан Республикасының білім министрлігінде жұмыс істейтінін, өңірлерде білім гранттарын алуға көмектесетінін айтып, Алматы қаласының тұрғындарын алдып келген

"Анықталғандай, оқытушы өзіне сенім білдірген азаматтардан алаяқтық жолмен бір миллионнан астам теңге алған.

1976 жылы дүниеге келген М. есімді күдікті әлеуметтік желіде бір адамды тауып, өзі Қазақстан Республикасының Білім министрлігінде жұмыс істейтіндіктен, аз уақытта білім грантын алып беруге уәде берген.

Ол адам өз кезегінде жақындарының арасында жаңа танысының мүмкіндіктері жайлы ақпаратты таратқан.

Зардап шеккендер оқытушының телефон нөміріне хабарласқан. Әйел адам оларға тиімді бағада білім беру грантын алу мүмкіндіктері туралы әңгімелер айтқан.

Оқытушы сұраған сомманы зардап шеккендер оның банк картасына жіберіп тұрған. Алайда ол уәдесінде тұрмай, өзі алдап сулаған адамдардан қашып жүрген.

Күдікті Алматы қаласының тұрғындарына қатысты 10 алаяқтық іс-әрекет жасаған. Қазіргі уақытта оның мемлекеттің өзге де өңірлеріндегі қылмыстық істерге қатыстығы тексерілуде", - деп хабарлады Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы полиция майоры Болат Тотыбаев.

Күдікті М.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
5
8
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel