Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы бес қыздың өлімі: Қылмыстық іс тоқтатылды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан Полиця департаменті апалы-сіңлі бес қыздың өмірін жалмаған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық істі тоқтатқандарын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтандағы бес қыздың өлімі: қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: NUR.KZ: UGC

Сараптама пешті тұрғызған кезде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғанын көрсетті. Уақытша үйде отағасы өзі салған екен.

"Бес қыздың өліміне қатысты толық тергеу жүргіздік. Сараптама жүргізіп, тергеу әрекеттерінен кейін аталмыш іс бойынша өндірісті тоқтату шешімі шығарылды. Қылмыстық іс тоқтатылып, заңдылығын тексеру үшін бақылаушы орган - прокуратураға жіберілді.
Өрт-техникалық сараптама жасадық. Оның қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығын анықтадық. Уақытша үйді қыздардың әкесі өзі тұрғызған, ол төбе жабындысы мен пеш арасында қалқа орнатпаған", - деді ПД тергеу бойынша басшының орынбасары Ғазиз Нұрқаев.

Осылайша, балалардың өліміне қатысты әкелеріне ешқандай шара қолданылмайды.

Еске сала кетейік, елордада бұл жантүршігерлік оқиға төртінші ақпан күні болды. Өрт салдарынан бір үйдің бес қызы бірден ажал құшты. Олардың кенжесі 2018 жылы өмірге келген.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

Ал 5-ші қаңтарда өртке оранған үйде ажал құшқан апалы-сіңлілі қызды жер қойнына тапсырылды.

Сондай-ақ, жұрт еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметінен кетуін талап етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы жағдайға душар болған отбасыға көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799698-nr-sltandagy-bes-kyzdy-limi-kylmystyk-is-toktatyldy/

pixel