RU
Ақтөбеде 7 жасар баланы велосипед таптап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 7 жасар баланы велосипед таптап кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі Президент саябағында 7 жасар баланы велосипед таптап кетті. Бұл жағдай қала тұрғындарын үрейін қашырып отыр. Саябақта еркін демалудың мүмкін еместігін айтқандар жергілікті биліктің шара қолдануын сұрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: 1zoom.ru

Көрнекі фото: 1zoom.ru

Бүгінде иегі тесіліп, қан-жоса болған бүлдіршіннің анасы аурухана жағалап жүр.

"5 маусым күні балаларымды ертіп саябаққа демалуға бардық. Сахна артында бізге қарай қатты жылдамдықпен велосипед тепкен үш бала ұшып келе жатты. Есімізді жинап үлгере алмай қалдық. Үшеуі қабаттасып келіп баламды үстінен тапап кетті.
Ол велосипедке арналған жер емес, қарапайым адамдар жүретін жол. Құлап жатқан баланың үстінен біреуі жүріп өтті. Мен жүгіріп жеткенімде баламның үсті қан, иегінің асты тесіліп қалған. Аузын жаба алмай тұр. Қан аузының ішінен де сыртынан да кетіп жатты", - дейді қала тұрғыны Әсел Нарағаева.

Демалуға шығып әбігерге түскен отбасы жәдел жәрдем көмегіне жүгінген. Оқыс оқиғаға тап болған ана әкімшіліктен саябақтағы жүйені ретке келтіруді сұрап отыр.

"Баламның иегін тігу үшін бірден ауруханаға алып кетті. Жолдасым саябақта қалып, сол жердің әкімшілігіне шағым айтты. Басып кеткен 14 жастағы бала бірден тоқтап кешірім сұрады. Қалған екеуі сол жерде қашып кетті. Қасымдағы құрбыларым велосипедтерді жалға беріп тұрғандарға жағдайды түсіндіріп еді.
Олар: "Біздің қатысымыз жоқ" деп өзімізге ұрысып қоя берді. Саябақта еркін жүріп, серуендеу мүмкін емес. Жан-жағыңда велосипед тепкендер ұшып жүреді. Баламның көзі шығып кеткенде, темір аузына кіріп кетсе не болар еді. Мен жергілікті әкімдіктен саябақты ретке келтіруді сұраймын. Демалыс орны үлкен базарға айналып кетті", - дейді зардап шеккен баланың анасы.

Саябақ әкімшілігі болған жайды растағанымен қауіпсіздік шараларының жақын арада жасалмайтындығын айтты.

"Қазір жоба дайындалды. Жүргіншілер мен велосипед жолы бөлек болуы тиіс. Қаржы қашан бөлінетіні, жобаның қай уақытта іске асатыны белгісіз. Осы оқыс оқиғадан кейін орталық сахнаның артына велосипедпен жүруге тыйым салынды.
Кәсіпкерлерге ескерту берілді, егер талапты бұзса, келісімшарт үзіледі, бәрі саябақтан кетеді. Ол жерде жарықтандыру да төмен. Сондықтан демалушылардың бәрі тек жарық қосылған жермен жүреді", - дейді орталық саябақ басшысы Әділбек Исламов.

Сіздің реакцияңыз
0
8
0
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel