RU
Сайлау күні желіде жұлдыз болған сарбаз екі жасар бүлдіршінмен кездесті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Сайлау күні желіде жұлдыз болған сарбаз екі жасар бүлдіршінмен кездесті (фото)

Рассказать Вконтакте

Сайлау күні екі жасар бүлдіршіннің қолындағы бақбақ гүлді қабыл алған Шамиль Хасанов бүгін сол қыз баламен кездескен. Сәбидің анасы желіде қызы мен сарбаз түскен жаңа суретті жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Бүлдіршіннің анасы ең алдымен сол күні желіге әлгіндей суретті әдейі салған деп сөккендерге жауап берген.

"Кімде-кім солай ойлайтын болса айтарым: кім өзінің құрсағында 9 ай көтерген баласын митингке апарып, әдейі суретке түсіреді екен? Солай арымды, намысымды таптады деп ойлайсыздар ма?...
Қуаныштысы Шамиль бүгін қызыммен кездесті. Жай кездескен жоқ, сыйлықтарын ала келді: қызыма шоколад пен қуыршақ берсе, маған бір шоқ раушан гүлін әкелді. Сондай-ақ ұлттық ұлан сарбаздары қызыма гитарада ән айтып берді", - деп жазба қалдырған анасы.

Ол сарбазды осындай тәртіпті етіп тәрбиелеген анасына мың алғыс айтқан.

"Сіздерге көптен-көп алғысымды айтамын. Шамиль өте қарапайым, жүрегі кең жігіт. Ол Айринді құшақтап, тіпті билеп те үлгерді... Толқып тұрмын, айтпақшы қыздар Шамиль тамақ та әзірлей алады", - деп жазбаны аяқтаған ол.

Желі қолданушылары аталмыш суретке жарыса пікірлерін жаудырды.

Олар "Әдемі сурет", "Жарайсыздар", "Шамиль азамат, мақтанамыз" деген жылы лебіздерін аямаған.

Айта кетейік, 9 маусым сайлау күні кішкентай қыз баланың сыйлаған гүлін қабыл алған сурет желі қолданушыларының қызу талқысына түскен еді. Кейін суреттегі жігіттің ұлттық ұлан сарбазы Шамиль Хасанов болғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
2
42
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel