RU
Ақтөбеде жасы 40-тан асқанда босанатын әйелдер көбейген
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жасы 40-тан асқанда босанатын әйелдер көбейген

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде сүйегі қатайып кетсе де егде айелдердің босануы жиілеген. Өңірде 40 жастан асқан келіншектер демографияға белсене үлес қосуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: Pixabay / StockSnap

Көрнекі фото: Pixabay / StockSnap

"Қазір босануға келетін келіншектер әртүрлі жаста. 40-45 жастағы келіншектердің босануы тұрақты болып кетті. 50 жасқа келгенде ЭКО-мен босанып жатқандар да бар. Олардың себебін айтпай-ақ қояйық. Бірақ кездеседі", - дейді облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Сантай Бержанова.

Перинатальдық орталық мамандарының мәліметінше, ВИЧ жұқтырғандар арасында балалы болатындар көбейген.

"Қазір әртүрлі диагнозбен өмірге бала әкеліп жатқандар бар. Перинатальдық орталық болған соң бізге түсетіндерде патологиялық аурулар көп. Келіншектер жүрек ауруы, инфекция, жыныс арқылы берілетін жұқпалы аурулармен босанады.
Соңғы жылдары ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар да босанып жатыр. Жылына осындай диагнозбен 3-4 әйел босанады. Баласы да, өзі де бірден есепке алынады. Бір жылдық бақылаудан кейін баланың денсаулығында бәрі жақсы болса есептен алынады", - дейді Сантай Бержанова.

Үшінші деңгейлі облыстық орталықта жылына 6 мыңнан аса нәресте дүниеге келеді. Оның 18 пайызына кесір тілігі жасалынады екен.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel