RU

Шымкентте 29 жастағы бойжеткеннен 1500-ден аса есірткі тәрізді дәрі тәркіленді

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары 29 жастағы бойжеткеннен есірткі тәрізді дәрі тәркіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте 29 жастағы бойжеткеннен 1500 аса есірткі дәрі тәркіленді
Көрнекі сурет: iphones.ru: Getty Images

Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген тиімді жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде ұсталған азаматшадан 1546 дәрі және екі пластикалық қорапшаларға салынған ұнтақ синтетикалық психотроптық затына ұқсас заттары тәркіленіп алынды.

Оған қылмыстық кодекстің 297 бабының 1-ші тармағы бойынша айып тағылды.

"Сот сараптамасының қортындысына сәйкес, жалпы салмағы 407,6079 грамм N-митил-3-4-митилендиоксиамфетамин (МДМА-экстази) психотроптың заттың, жалпы салмағы 98,3593 грамм 4-митилметкатинон (PVP) психотроптық заттың тектесі және жалпы салмағы 72,4937 грамм меткатинон (Эфедрон) психотроптық заттың тектесі екендігі анықталды," - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799713-symkentte-29-zastagy-bojzetkennen-1500-den-asa-esirtki-trizdi-dri-trkilendi.html