RU
Биылғы жылы кейбір талапкерлер ҰБТ-дан босатылмақ
Жаңалықтар Қоғам

Биылғы жылы кейбір талапкерлер ҰБТ-дан босатылмақ

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылы мектеп бітіруші түлектердің 96 380-і ҰБТ тапсырады. Алайда талапкерлердің кейбірі ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылмақ деп хабарлайды білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасаған Қазақпарат.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Министрліктің мәліметінше, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Бірақ оны өткізу процесін жетілдіру, тестілеуге қатысушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңашылдықтар енгізілген.

"2019 жылдан бастап ҰБТ жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жылына төрт рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) өткізіледі. Әр тапсырған сайын талапкерге түрлі бейіндік пәндер комбинациясын таңдау мүмкіндігі берілген.
Ал грант конкурсына қатысу үшін талапкер маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет", - дейді министрлік.

Биыл мектеп бітіретін 96 380 түлек маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруға өтініш берген. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 71,6%-ін құрайды.

"Шет тілін меңгергендігін растайтын TOEFL, IELTS халықаралық сертификаттарының шекті балы бар талапкерлер "Шет тілі" (ағылшын тілі) бойынша тестілеуден босатылады", - деді министрліктегілер.

Осы жылы ақылы оқуға түскісі келетін талапкерлерге қатысты да өзгерістер енгізілген.

Осыған дейін жоғары білім алуға ниеттілердің бәрі ҰБТ тапсыруға міндетті болса, биылдан бастап ақылы негіздегі бірнеше санатқа бұл міндеттілік жүрмейді.

Атап айтқанда, қысқартылған оқу мерзімімен ақылы оқуға ниеттілер кәсіптік - техникалық немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлегі болса, ҰБТ тапсырудан босатылады.

Сіздің реакцияңыз
3
5
1
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel