RU

Алматыдағы митингте зардап шеккен полицейге ота жасалынбақ

Алматыдағы заңсыз митингтер кезінде көлік қағып кеткен полицейге ота қажет. Нұрбол Бекназаровқа операция жасалынбақ деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Тәртіп сақшысы бел-сан сүйегі сынғандықтан әзірге өздігінен жүре алмайды. Оған тек қана ота көмектеспек.

Айта кетейік, оқиға 11 маусымға қараған түні Төле би Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орын алған.

Бекназаровтың сөзінше, ол әріптестерімен жиылған көпшілікке қарай жүріп бара жатқан көлікті тоқтатпақ болып, жолды жапқан. Алайда, көлік жүргізушісі жылдамдығын азайтпай, полицейді қағып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799724-almatydagy-mitingte-zardap-sekken-policejge-ota-zasalynbak.html