Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жаңа салынған көп қабатты үйде газ балоны жарылды

Опубликовано:

1991 жылы туған әйел күйіп қалған. Күйік алған әйелді көршілері автокөлікпен өздері ауруханаға жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото:24.kz
Фото:24.kz: Facebook

Оқиға 14 маусым кешкі сағат 18.26-да орын алған. Тұран шағынауданындағы бес қабатты  "Адия" тұрғын үй кешенінің төртінші қабатында 25 литрлік газ балоны жарылған.

"Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі 25 литрлік газ балоны редукторының бұзылуы болуы мүмкін. Оқиға орнына Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінен 37 қызметкер мен жеті арнайы техника жұмылдырылды,"- деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799728-symkentte-zaa-salyngan-kp-kabatty-jde-gaz-balony-zaryldy/

pixel