RU
"Жаңбыр, найзағай": Синоптиктер алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болатынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Жаңбыр, найзағай": Синоптиктер алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болатынын айтты

Рассказать Вконтакте

РМК "Қазгидромет" мамандары 15-17 маусымға арналған ауа райын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Синоптиктердің мәліметінше, маусымның ортасы болғанымен, республиканың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай болады.

Олар бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағаймен жаңбыр күтілетінін және күндізгі ауа температурасы плюс 10...20 градус шамасында болатынын атап өтті.

Ауа райын болжаушылар мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты екенін жеткізді.

"Сондықтан республиканың басқа аймақтарында да тұрақсыз ауа райы, найзағаймен жаңбыр күтіледі, бірақ мұнда жылы. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жаңбырға қарамастан, күндіз ауа 25...33 дейін жылиды, ал Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз және 30...39 градусқа дейін ыстық болады", - деді синоптиктер.
Сіздің реакцияңыз
0
6
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel