RU

Газ балоны жарылған кезде күйіп қалған келіншек жансақтау бөлімінде жатыр

Шымкентте Тұран шағын ауданындағы Адия тұрғын үй кешенінде газ балоны жарылуы салдарынан күйіп қалған 28 жастағы әйел адамның денесі 20 пайызға күйік шалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Қазіргі уақытта науқас Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигинация орталығының жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

"Науқас кешкі алты жарым шамасында түсті. Диагнозы "термический ожог". Яғни 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі күйік. Қазір жағдайы ауыр, бірқалыпты. Қажетті ем домын қабылдап жатыр,"-деді орталықтың дәрігері Мақсат Анарбекұлы.

Еске сала кетсек, 14 маусым күні Шымкентте жаңа салынған көп қабатты үйде газ балоны жарылған болатын.

Тұрғындар жаңа баспанаға қоныс аударғандарына біршама уақыт өтсе де көгілдір отынмен қамтамасыз етілмегендіктерін айтып шағымданыр отыр.

"Бұған дейін талай рет әкімдікке үйде газ жоқтығын айтқанбыз. Нәтиже болған жоқ. Газ келуі үшін міндетті түрде жарылыс боп, адам өлуі керек пе?!,"-деді "Адия" тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дәурен Айманбет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799760-gaz-balony-zarylgan-kezde-kjip-kalgan-kelinsek-zansaktau-bliminde-zatyr.html