RU
Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен Сауд Арабия королі мен БАӘ президенті құттықтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен Сауд Арабия королі мен БАӘ президенті құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Әзиз Әл Сауд құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына табыс, Қазақстанға бақ-береке тіледі. 

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян да Мемлекет басшысына амандық және Қазақстанға бақ-береке тілейтінін жеткізді.

"Біздің халықтарымыз бен достас мемлекеттеріміздің игілігі үшін екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дами түсетініне сенім білдіремін", – делінген жеделхатта.

Бахрейн Королі Хамад ибн Иса Әл Халифа екі ел халықтары арасындағы өзара тиімді қатынастарды дамыту мақсатында көпқырлы ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенін айтты.

Бүкіләлемдік ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед бин Абдель Карим әл-Исса Қасым-Жомарт Тоқаевты осы ұйымға мүше барлық мұсылман елдерінің атынан құттықтады.

"Отаныңыздың және халықаралық қызметтердің игілігі, бейбітшілік пен келісімнің, өсіп-өркендеу жолындағы Сіздің жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін", – деп жазды Мұхаммед бин Абдель Карим әл-Исса.

Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах та Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент болып сайлануымен құттықтап, екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарды тереңдетуге дайын екенін жазды.

Түркі Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов түркітілдес мемлекеттердің парламенттерінің өзара достық қатынастары мен ынтымақтастығының одан әрі дамуына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин, БАӘ Вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Сауд Арабиясының корольдігінің тақ мұрагері, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салман Абдель Әзиз Әл Сауд, Абу Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-Премьері, Президент істері жөніндегі министрі Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Гюнай Эфендиева  құттықтауларын жолдады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel