Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 маусымнан бастап жалақыны көтеруге 144 миллиардтан астам теңге бөлінді

Опубликовано:

2019 жылғы 1 маусымнан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыруға 144 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы, әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды.

Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады.

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 млрд.теңге көзделген.

Мысалы, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңгені құрады.

2019 жылғы 1 маусымнан бастап - 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130 теңгені немесе 21% құрады.

Екінші мысал ретінде 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысын ұлғайтуды қарастырамыз. Мәселен, егер 1 маусымға дейін ол 58 984 теңгені құраса, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 76 114 теңгені құрайды, бұл жерде жалақы өсімі – 17 130 теңгені немесе 29% құрайды.

Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799769-kazakstanda-1-mausymnan-bastap-zalakyny-kteruge-144-milliardtan-astam-tege-blindi/

pixel