RU
"Бұл кездесуімізге өте қуаныштымын": Тоқаев Душанбеде Катар Әмірімен кездесті
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Бұл кездесуімізге өте қуаныштымын": Тоқаев Душанбеде Катар Әмірімен кездесті

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның Катармен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

"Бұл кездесуімізге өте қуаныштымын. Біздің елдеріміз арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері көп. Катардың инвестициялық әлеуетін жақсы білеміз. Біздің мемлекеттеріміздің өзара іс-қимылдарын кеңейтуге, соның ішінде Катар елінен инвестиция тарту бойынша тиісті тетіктерді іске қосуға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Катар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді. 

"Біз сіздің еліңізге инвестиция салуға ниеттіміз. Бұған Қазақстан да мүдделі. Біздің ынтымақтастығымызды арттыру бағытында бірлескен техникалық комиссия құрылса, елдеріміздің өзара қарым-қатынасына оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын, – деп атап өтті Тамим бен Хамад Әл Тани.

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әміріне Футболдан әлем чемпионатын абыроймен өткізуге тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel