RU
Қырғыз депутаттарының тең жартысы Атамбаевқа тиіспеушілік құқығын алып тастауды қолдаған

Қырғыз депутаттарының тең жартысы Атамбаевқа тиіспеушілік құқығын алып тастауды қолдаған

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қол сұғылмаушылық құқығын алып тастауды қолдап, Жогорку Кеңештің 60 депутаты қол қойды. Бұл жөнінде парламент депутаты Канатбек Исаев мәлімдеді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фото: rus.azattyq.org

Фото: rus.azattyq.org

Исаевтың сөзінше, енді әрі қарай арнайы комиссия бұл мәселені қарап, парламенттің жалпы талқысына шығару керек.

"Комиссия біздің айыптауымыздың жалған, расын тексереді. Егер рас болса, парламенттің жалпы отырысына шығарады. Сосын парламент оны Бас прокуратураға жібереді. Егер Атамбаевқа тиіспеушілік құқығын алып тастауды депутаттардың үштен екісі – 80 депутат қолдаса, демек Атамбаев өзіне қарсы қол сұғылмау құқығынан айырылады", - дейді Исаев.

Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев 2011- 2017 жылдары аралығында Қырғызстан президенті болды. 8 маусымда ол коррупцияға қарсы митингке қатысып, қазіргі билікті қатал сынға алды.

12 маусымда бірқатар депутаттар Алмазбек Атамбаевты сол үшін сынға алып, тиіспеушілік құқығын алып тастау керектігін көтерді.

Сіздің реакцияңыз
44
0
2
1
4
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel