RU
Нүкістегі алапат шаңды дауыл тұрғындардың үрейін ұшырды

Нөкістегі алапат шаңды дауыл тұрғындардың үрейін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан ТЖМ жедел жасақтары 15 маусымда кешқұрым Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласында болған шаңды дауылдың зардаптарын жою жұмыстарымен айналысып жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Өзбекстан ТЖМ деректеріне қарағанда, 14 маусымда жергілікті уақытпен 20.32-ден 20.38 аралығында соққан шаңды дауылдың жылдамдығы секундына 23 метрге жеткен.

Желі қолданушылары қаладағы ғимараттардың шатырларын ұшырып әкеткен табиғи апаттың фотолары мен видеоларын әлеуметтің желіде жариялауды жалғастыруда.

ТЖМ өкілінің мәліметінше, жедел жасақ бүгін де дауыл салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.  Олар көшелерді үй жабындыларынан, құлаған ағаштардан, зақымдалған машиналардан тазартуда. Табиғаттың тосын мінезінен қаза тапқандар мен  зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз
3
4
4
1
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel