RU
Тәжікстан президенті қала сыртындағы сарайда өзге елдің көшбасшыларын қалай күтті?

Тәжікстан президенті қала сыртындағы сарайда өзге елдің көшбасшыларын қалай күтті?

Рассказать Вконтакте

15 маусымда Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммиті өтті. Осы шараның аса мәртебелі қонақтары мен қатысушылары үшін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Достық кешін" ұйымдастырған. Аталмыш кештен видео тәжік көшбасшының Facebook парақшасында пайда болды деп хабарлайды Ахбор сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: akhbor-rus.com

Фото: akhbor-rus.com

Айта кетейік, Душанбеде өткен саммитке 27 елдің көшбасшылары қатысты. Олардың арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей көшбасшысы Владимир Путин, ҚХР президенті Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті, Шавкат Мирзиеев пен Иран президенті Хасан Рухани мен өзге де елдің көшбасшылары болған.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

"Достық кеші" 14-ші маусым күні кешкі Варзоб шатқалында орналасқан Душанбе мэрінің қала сыртындағы резиденциясында өткен.

Фото: president.tj

Фото: president.tj

Желіде жарияланған кадрдан көшбасшылардың кездесуі бейресми форматта өткенін байқауға болады. Эмомали Рахмон қонақтармен емін-жарқын әңгіме айтып, әзілдескен.

Фото: akhbor-rus.com

Фото: akhbor-rus.com

Мәселен ресейлік журналист Дмитрий Смирнов Тәжік президентінің Владимир Путинді қалай құшақтағанына назар аударған.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

"Путин мен Рахмон в Душанбеде: Президенттік деңгейдегі құшақтасу", - деп жазды ол Twitter желісінде.

Сіздің реакцияңыз
12
1
1
1
3
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel