Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қол арбада отырған өмірге ғашық студент көптің көмегіне зәру

Опубликовано:

Ақтөбеде мүгедек қыз өсіріп отырған жалғызбасты ана көптің көмегіне мұқтаж. Төрт баланың анасы 20 жастағы қызы Диана туа бітті сал ауруына шалдыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

20 жастағы Диана
20 жастағы Диана: Original

Қызын біраз жерге апарып емдеткенін айтқан Балауса Құлтаеваның сөзінше, жолдасы 10 жыл бұрын қайтыс болған.

Бұрын өзі жұмыс істеп қызының еміне азын-аулақ қаржы жинаса, соңғы екі жылда Диананың ауруы асқынып, жұмыссыз қалған.

"Қызым 18 жасқа толғаннан кейін бір аяғы тартылып, екіншісінің үстіне ілініп қалатын болды. Сүйектері сынып кететіндей сықырлайды. Оны алты ай сайын үзбей емдетіп жүрмін. Бірнеше рет ота жасаттық. Балам сіңір жібітетін дәрісін тұрақты алып отыру керек", - дейді Балауса Құлтаева.

20 жастағы Диана Нұрланқызы денсаулығына қарамастан жоғары оқу орнына түскен. Ол жақын күндері С. Байшев атындағы университеттің дизайн мамандығы бойынша дипломын алмақ.

"Бізге көмек керек. Қызым жақында диплом алады. Жұмыс істегісі келеді. Әлсіреп бара жатқан қолына қарамастын ұмтылысы жақсы. Қызымның өміріне деген өкініші жоқ. "Неге мен осылай тудым?" деп айтқан емес. Ол өзіне ынта беріп отырғаннан кейін мен қалай қарап қаламын?! Кеудемде жаным барда қызым үшін қолымнан келгенді жасағым келеді", - дейді жалғызбасты ана.
Балауса Құлтаева
Балауса Құлтаева: Original

Келіншектің айтуынша, Диана 18 жасқа толып кеткеннен кейін тегін медициналық қызметті тек қайырымды жандардың көмегімен алып отыр екен.

"Мені ақтөбелік дәрігерлер де, жергілікті билік өкілдері де жақсы таниды. Олар балаға "18 жасқа толғаннан бастап ем қарастырылмаған" деп отыр. Бірақ олар көмек сұрап барғанымда бетімнен қайтарып жатқан жоқ. Кәсіпкерлермен келісіп, ауруханаға жатқызады. Қызыма денсаулық сақтау басқармасы жеке тренер беріп, екі мезгіл жаттығуын жасатады.
Естуімше, ол да бәленбай қаржыға шығады екен. Осындай көмек көрсетіп отырған дәрігерлерге алғысымыз шексіз. Тұрақты ем жасауға мейірімді жандар көңіл аударса екен", - дейді Балауса Құлтаева.

Төрт баланың анасына көмек қолын созам деген жандар мына нөмір арқылы хабарласа алады: 8 778 233 16 44

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799854-aktbede-kolarbada-otyrgan-mirge-gasyk-student-kpti-kmegine-zru/

pixel