Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ұлын балабақшадан алуға кеткен әке көлігімен қоса жоғалып кетті

Опубликовано:

Қарағандыда үшінші тәуліктен бері екі баланың әкесі, техникалық қызмет көрсету станциясының шебері Евгений Прокопчук іздестіріліп жатыр. Ол 14-ші маусым күні ұлын балабақшадан алып кету үшін жұмыстан кетіп, көлігімен қоса із-түзсіз жоғылып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Евгений Прокопчук балаларымен және оның көлігі. Фото ер адамның туыстарынан /NUR.KZ
Евгений Прокопчук балаларымен және оның көлігі. Фото ер адамның туыстарынан /NUR.KZ: UGC

Ұшты-күйлі жоғалған ер азаматтың досы Тимурдің сөзінше, ол күні Евгенийде өзімен бірге қомақты қаржы болмаған.

"Ол ТБС-дан (техникалық байқау станциясы) "Ниссан Альмерамен" кетті. Бұл 14-ші маусым күні 16:00-де болатын. Ол ұлына бару керек еді, алайда балабақшаға жетпеген. Оның телефоны үшінші тәуліктен бері сөндірулі тұр. Евгенийдің алты және үш жастағы екі баласы бар. Бұған дейін ол ешқашан да жоғалып көрген емес", - дейді із-түзсіз кеткен ер адамның досы.

Полиция қызметкерлері Евгенийдің жоғалуы туралы арызды қабылдаған. Жеке құрамның барлық мүшесіне ер азамат мен қара түсті "Ниссан Альмера" көлігі жайлы ақпар берілген.

Евгений Прокопчуктің достары Қарағандыдағы барлық аула, қонақ үй мен ауруханаларды қарап шыққан.

"Евгений өте жауапты адам болатын. Оған көлігін жөндету үшін көптеген көлік иелері жазылатын. Ол ешқашан айырықша себепсіз тапсырыстарды үзбейтін. Жаман ойдан аулақпыз, ол табылады деп үміттенеміз. Оны балалары, әйелі, қарт анасы және достары күтіп отыр", - дейді Тимур.

1986 жылы дүниеге келген Евгений Прокопчук Александровичке қатысты қандай бір ақпарат білсеңіз шұғыл түрде осы нөмірлерге хабар беріңіз. 8 778 082 49 06; 8 775 277 45 02 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799859-karagandyda-lyn-balabaksadan-aluga-ketken-ke-kligimen-kosa-zogalyp-ketti/

pixel