Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менен батыр жасаудың қажеті жоқ": Тараздық жігіт Атырауда балаларды құтқарып қалды

Опубликовано:

Атырау қаласында өртке оранған қонақүйдегі балаларды құтқарған жігіттің аты-жөні белгілі болды. Ол "Башня" мейрамханасының күзетшісі Нұркен Дүйсенбаев есімді 21 жастағы азамат деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұркен Дүйсенбаев. Фото "Прикаспийская коммуна" сайтынан
Нұркен Дүйсенбаев. Фото "Прикаспийская коммуна" сайтынан: Depositphotos

Нұркеннің айтуынша, ол көршілес қонақ үйден өрт шыққанын естісімен, сонда жүгіріп барған.

"Онда екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ болған жоқ. Бірақ, қабырғаға жақын қойылған баннерді көріп, соның үстіне шықтым. Терезеден ішке кіріп, төрт баланы көрдім. Бәрін терезеден шығарып, төмендегі жігіттерге бердім. Келесі бөлмеде тағы 4 бала отырды, оларды да терезеден шығардым. Сосын өрт сөндірушілер келді", - деп әңгімеледі "Башня" мейрамханасының күзетшісі Нұркен Дүйсенбаев.

Жас жігіт Тараз қаласынан келіп, Атырау мұнай және газ институтына оқуға түскен. Мейрамханада күзетші болып, қосымша табыс табады екен.

"Менен батыр жасаудың қажеті жоқ. Менің орнымда болған кез келген адам көмекке келер еді. Оның үстіне балалар болса, еш ойланбастан жәрдемдесу қажет", - деді ол.

Еске сала кетейік, 16 маусым күні түнде Атыраудың М.Әуезов көшесіндегі "Райхан" қонақүйі өрт шықты.

Өрт ғимараттың астыңғы қабатында орналасқан саунадан шыққан. Оқиға орнында өрт сөндірушілер үш баланы құтқарған. Оған дейін сол маңдағы адамдар жанып жатқан ғимараттан 29 бала мен екі ересек адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Облыстық ТЖД іштегілерді құтқаруға кіріскен бірнеше жас жігіттің аты-жөндерін анықтап жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799871-menen-batyr-zasaudy-kazeti-zok-tarazdyk-zigit-atyrauda-zas-futbolsylardy-ktkaryp-kaldy/

pixel