RU
Гүлнара Каримованың қызы Бас прокуратураға жазған арызын көрсетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Гүлнара Каримованың қызы Бас прокуратураға жазған арызын көрсетті

Рассказать Вконтакте

Гүлнара Каримованың қызы Иман Instagram желісіндегі парақшасында Өзбекстан Бас прокуратурасына және Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысына арналған арыздың суретін жариялады деп хабарлайды CA-News-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Instagram

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Instagram

Арызда Гүлнара Каримоваға наурыз айының соңында адвокаты келгеннен кейін де тиісті медициналық көмек көрсетілмегені айтылған.

Иманның сөзінше, анасына физикалық және психологиялық қысым көрсетілуде.

Бойжеткен сонымен қатар оның жағдайы күн санап нашарлап жатқанын атап өтті.

Каримованың қызы анасында қан кету, гипертониялық криз бен қан қысымының жоғары болғанына қарамастан, көптеген тексерулер жалғасып жатқанын да алға тартты.

Сондай-ақ Иман Англияның адвокаттарымен бірге осы тәріздес арызды халықаралық сотқа жазып, адам құқтарын қорғау ұйымдарына жүгініп, осы жағдайдың барлығын БАҚ-та баяндайтынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel