RU
Осы жазда мансабын аяқтаған танымал футболшылар кімдер?
Жаңалықтар Спорт

Осы жазда мансабын аяқтаған танымал футболшылар кімдер?

Рассказать Вконтакте

Футбол әлемдегі ең танымал спорт түрі болып саналады. Танымалдылығы сонша кейбір үздік ойыншылардың атағы саясаткерлер мен теледидар жұлдыздарының даңқынан асып түседі. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы осы жазда мансабын аяқтаған, миллиондаған жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленген футболшылар туралы ақпарат бермек.

Фото: Футболшылардың жеке парақшасы. Коллаж: NUR.KZ

Фото: Футболшылардың жеке парақшасы. Коллаж: NUR.KZ

Петр Чех: 36 жаста

Клубтары: "Хмел", "Спарта", "Ренн", "Челси", "Арсенал"

Чехия құрамасы: 124 ойын

Петр Чех - әлемдегі үздік қақпашылардың бірі. Футболшы 2006 жылдан бері ойынға басына шлем киіп шығады. Ол "Челси" – "Рединг"матчы кезінде ауыр жарақат алды.

Қақпашы Англия чемпионаты мен еврокубоктік жарыстарда көптеген жүлделерге қол жеткізді.

Ол ұлтты құрамасы сапында да белестерді бағындырды. Қақпашы 2004 жылы Чехиямен бірге Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Хави Эрнандес: 39 жаста

Клубы: "Барселона", "Аль-Садд"

Испания құрамасы: 133 ойын

Хави - "Барселона" клубының түлегі. Ол каталондық ұжыммен бірге 25 жүлдеге қол жеткізді. Футболшы әлем чемпионатын екі рет, еуропа чемпионатын бір рет ұтты. Соңғы төрт жылда Хави катарлық "Аль-Садд" клубында доп тепті. Осы жаздан бастап футболшы өзін бапкерлік қырынан сынап көрмек.

Робин ван Перси: 35 жаста

Клубы: "Фейеноорд", "Арсенал", "Манчестер Юнайтед", "Фенербахче"

Нидерланды құрамасы: 102 ойын

Ван Перси Англия чемпионатында көп жүлдеге қол жеткізген футболшылардың бірі. Шабуылшы өзінің жойқын соққылары арқасында жанкүйерлердің арасында аса танымал болды. Ол доп тепкен клубтарының басым бөлігінде бапкерлермен жақсы қарым-қатынаста болмады.

Голландиялық сұрмергеннің 2014 жылы Бразилиядағы өткен әлем чемпионатында соққан голы тарихтағы үздік голдардың қатарына енді.

Карлос Тевес: 35 жаста

Клубтары: "Бока Хуниорс", "Коринтианс", "Вест Хэм", "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити", "Ювентус", "Шанхай Шеньхуа"

Аргентина құрамасы: 76 ойын

Карло Тевес осы тамыз-қыркүйек айында жанкүйерлермен қоштасу ойынын өткізгісі келетінін айтқан.

Шабуылшы 2004 жылы Афины олимпиадасындағы ойыны арқылы көптеген жанкүйерлердің ықыласына ие болды. Ол Грекия жерінде Аргентина құрамасымен алтын медальға қол жеткізді.

Осыдан кейін футболшы Еуропадағы үздік клубтар назарына ілікті.

Андреа Бардзальи: 37 жаста

Клубтары: "Рондинелла", "Пистойезе", "Асколи", "Кьево", "Палермо", "Вольфсбург", "Ювентус"

Италия құрамасы: 73 ойын

Давид Лория: 37 жаста

Клубтары: "Жеңіс", "Есіл", "Шахтер", "Хальмстад", "Спартак-Нальчик", "Локомотив", "Ертіс", "Ризеспор", "Қайрат", "Каршияка", "Ордабасы", "Оқжетпес"

Қазақстан ұлттық құрамасы: 45 ойын

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel