RU
"Star of Asia" фестиваліндегі әншілердің образы көпшілікті естен тандырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Star of Asia" фестиваліндегі әншілердің образы көпшілікті естен тандырды

Рассказать Вконтакте

"Star of Asia" халықаралық фестивалі жылдағы дәстүр бойынша күні кеше Алматы қаласында өтті. Жобаға шетелдік жұлдыздармен қатар отандық шоу-бизнес өкілдері де шақырту алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәдуақасова, Нұрболат Абдуллин, Төреғали Төреәлі, Жолдыбаева. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сәдуақасова, Нұрболат Абдуллин, Төреғали Төреәлі, Жолдыбаева. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фестивальде шетелдік өнер иелері талантымен тыңдармандарын қуанта білсе, қазақстандық әншілер ерекше стильдерімен көпшілікті таңғалдырған.

Жұлдыздар фестиваль басталмас бұрын, Медеу төрінде жайылған қызыл кілеммен жүріп өтіп, жанкүйерлерімен суретке түсті.

Өзбекстандық әнші Согдиана кешке қазақстандық әнші Абдулкарим Кәрімовпен келді.

Әншілер жақында ғана жаздырған әнді дуэт болып орындады.

Айта кетейік, фестивальде ТМД елдерінің 55 әртісі мен Еуропаның, Түркия мен Таиландтың, Орталық Азияның жұлдыздары өнер көрсетті.

Отандық жұлдыздар Нұрболат Абдуллин мен Төреғали Төреәлі де жобаға шақырту алған. Өнер иелері фестивальге дизайны ұқсас пиджакпен келген.

Ал Кәмшат Жолдыбаева өзінің сүйікті тыңдармандарын тағы да таңғалдырды. Әнші бұл жолы "Алтын адам" типтес киінген.

Ал жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша көпшіліктен ерекшеленбей, қара түске басымдылық берген.

Мәдина Сәдуақасова бұл жылы қызғылт-сары мен қара түстерден тігілген көйлегімен көзге түсті.

Сіздің реакцияңыз
10
4
1
2
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel