RU
Африкада ауызашар беруді қолға алған қазақ азаматы жайлы не білеміз?

Африкада ауызашар беруді қолға алған қазақ азаматы жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Исламтанушы, дінтанушы, Алматы қаласындағы "Нұр-Мүбәрак" университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев бірнеше жылдан бері Африка елінде ауызашар беруді ұйымдастырып, құдық қазуды қолға қолға алған деп хабарлайды Замана басылымы.

Африка жерінде ауызашар беріп, құдық қаздырған қазақ азаматы жайлы не білеміз?

Фото: zamana.kz

Қайрат Құрманбаевтың сөзінше, Африка құрлығындағы көпшілік елдер дамымаған, енді бірі – дамушы мемлекеттер. Кезінде ағылшындардың, француздардың отарында болғандықтан халқының жағдайы нашар елдер өте көп екен.

"Өзім Солтүстік Африкада оқыдым, бес жыл өмір сүрдім, көптеген африкалықтармен дос болдым. Ондағы жағдаймен жақсы таныспын. Әлі де Бенинде, Танзанияда, Сомалиде, тағы да басқа бірқатар елдердегі африкалық достарыммен жақсы байланыстамын. Осыдан үш жыл бұрын сол елдердегі әлеуметтік, тұрмыстық жағдайдың тө­мендігіне байланысты өзімнің, кейбір бауырларымның, туыстарымның атынан қаржы жіберіп, ең алғаш Бенин елінің мұсылмандар көп шоғырлан­ған Параку аймағында 200-300 адамға ауызашар берген болатынбыз", - дейді Қайрат Құрманбаев.

Оның сөзінше, сол шараның фотосы мен видеосы әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланып, көптеген адамдар қызығушылық танытып, ауызашарға атсалыса бастапты.

Сөйтіп, сол жылы күн­делікті 300-500 адамға ас беріп, Рамазан айы бойы үзбей сондағы мұ­сыл­мандарға ауыз аштырған. Онда бір адамға бір доллар толық жеткілікті екен.  Сөйтіп, бұл үрдіс келесі жылы да жалғасын тауыпты.

Содан кейін сондағы көп аймақтарда су тапшылығы бар екені айтылды. Онда 1000 долларға бір құдық қазу мүмкіндігі бар екен. Бұл іске де қаржы қосқысы келетіндер елімізден табылыпты.

"Олардың ақшасын да қоса аудардық. Сөйтіп, сол жылдан бері құдық қазу ісін жолға қойдық. Бүгінге дейін онда 30-40 шақты құдық қазылды. Негізі бұл туралы көп жарнама жасамаймын. Себебі кей адамдар мұны дұрыс тү­сінбейді. "Өзімізде де жағдайы төмен адамдар бар емес пе?" – деп қарсы шыққандар да болды. Мен он екі ай бойы Африкаға қаржы жібермеймін. Тек Рамазан айында ғана ауызашар мен құдық қазуға қаржы аударылады. Әр істің басы-қасында өте сенімді,  ешуақытта ешкімнің ала жібін аттамайтын достарым жүреді", - деді ол.

Олар осы іс-шараны заңдастыру мақсатында қайырымдылық қорын ашқан. Бенинде күнде үзбей 500-1000 адамға дейін ауызашар беріп жүргендеріне төрт жыл болыпты.

"Аш адамның аузын аштырып, шөліркеген жанға су ұсыну – сауапты істердің қатарына жатады. Игі шараны қолға алып, сауапты іс жасаумен айналысып жүрген осындай азаматтарымыз арамызда көп болса екен", - деп Қайрат Құрманбаев сөзін түйіндеді.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
3
22
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel