RU
Үш ұлының анасына үйленген Серхио Рамостың тойы дүркіреп өтті (фото, видео)
Жаңалықтар Спорт

Үш ұлының анасына үйленген Серхио Рамостың тойы дүркіреп өтті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Мадридтік "Реал" капитаны Серхио Рамос өзіне үш ұл сыйлаған сүйіктісіне үйленді. Думанды той 15 маусым күні Испанияның Севилья қаласында дүркіреп өтті. Мерекелік шараға жас жұбайлардың ет-жақындары мен бірқатар футбол жұлдыздары келген деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде үш бала тәрбилеп отырған Серхио мен Пилар енді ғана заңды түрде некелесуге бел буған. Үйлену тойы аса ерекше әрі естен кетпестей өту үшін олар қонақтарға арнайы дресс-код сақтануды талап еткен.

Мәселен салтанатты кешке ер азаматтар костюммен, әйелдер қауымы ұзын көйлекпен келуге міндеттелді. Той кезіндегі суреттерге қарап, меймандардың ережені ұстанғанын аңғаруға болады.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

"Реал" капитанын өзімен бір командада ойнайтын бірқатар ойыншылар құттықтап келді.

Олардың арасында, Марко Асенсио, Лука Модрич, Матео Ковачич, Кейлор Навас, Лукас Васкес және команда бапкері Зинедин Зидан бар. "Реалда" бұған дейін өнер көрсеткен жұлдыздардан Рауль, Дэвид Бекхэм және Роберто Карлос арнайы шақырту алған.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Серхио Рамос үйлену тойына барселоналық қарсыластарын да шақырған. Олардың қатарында Серхио Бускетс, Жерар Пике мен Жорди Альба бар.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Өзге команда футболшыларынан дүбірлі тойда Альваро Мората мен Санти Касорла бой көрсетті.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Бір қызығы бұл тойда, "Реалдың" бұрынғы капитаны Икер Касильс пен португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду болмады. Қақпашы жақында алған инфарктен емделіп жатса, Серхио "Ювентустың" шабуылшысын тойына тіптен шақырмаған.

Айта кетейік, Серхио Рамостың жары өзінен әлдеқайда үлкен. Испаниялық футболшының жасы 33-те болса, оның сүйіктісі 41 жаста екен.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel