RU
Медеу Арынбаевтың есейген ұл-қызы әкесінің қайта үйленгенін қалайды

Медеу Арынбаевтың есейген ұл-қызы әкесінің қайта үйленгенін қалайды

Рассказать Вконтакте

Медеу Арынбаев ержеткен ұлы мен қызының өзіне қайта үйленуге қолқа салып жүргенін ашып айтты. Әнші марқұм әйеліне берген уәделерін орындаймын деп жүріп, жеке өмірін ұмытқан деп жазады "Хабар" арнасындағы "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің сөзінше, балалары алғашында үйленуіне қарсы болған.

"Жеке басыма келетін болсам, әйелім қайтқалы туыс-жақындар тарапынан "жалғыздық Құдайға жарасқан" деген әңгімелерді жиі есітіп келемін. Басында балаларым қарсы болды. Қазір енді өздері есейіп, қолқа салып жүр. Енді мен жағдайға қарап көремін.
Осыған дейін денсаулығыммен айналыстым. Негізі маған өздері хабарласып, ниеттерін білдіріп жүрген келіншектер көп. Мүмкін алдағы уақытта үйленіп қалармын. Ол үшін де уақыт керек сияқты. Қазіргі ойым, өз талғамыма сай, ажырасқан немесе отырып қалған мүмкін балаларымен күйеуінен айырылып қалған болсын бір адам бар шығар жазылған.
Бастысы менің жағдайыма сай, бір-бірімізге сыйластық жасай алатын адам болса  деймін. Бұрынырақ басқа дүниелерге алданып, осы мәселені айналып өте беріппін. Балалардың қалауы да сол болды. Көңілдеріне қарадым расын айтқанда", - дейді әнші

Естеріңізге сала кетейік, Медеу Арынбаев осыдан біраз уақыт басына он сағаттық күрделі ота жасатқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
4
30
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel