RU

Ақмола облысында із-түзсіз кеткен 39 жастағы әйел адам үйсіз жүргендердің арасынан табылды

Нұр-Сұлтандық полицейлер із-түзсіз жоғалған 39 жастағы әйел адамды тұғылықты мекен-жайы жоқ жандардың арасынан тауып алды деп хабарлайды "NewTimes.kz" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі
Фото: Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі: UGC

"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында елордалық полицейлер "Байқоңыр" ауданының аумағында жылу трассалары, қоқыс тастайтын жерлер, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелер секілді белгілі тұрағы жоқ адамдар жиналатын жерлерде жергілікті-рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - тұрақты мекені жоқ адамдарды, есірткі притондар мен басқа да мүмкін болатын заңсыз және есепке алынған контингентті әшкерелеу.

Осылайша екі күні ішінде учаскелік полиция инспекторлары Нұр-Сұлтан әкімшілігінің қиын жағдайға тап болғандарды қайта әлеуметтендіру орталығына тұрғылықты жері жоқ 40-қа жуық адамды жеткізді, онда барлық адамдарға медициналық көмек көрсетілді.

Оған қоса, жеткізілген адамдардың ішінде із-түзсіз жоғалды деп танылған 39 жастағы Ақмола облысының тұрғыны да болды. Қазіргі уақытта әйел адам туысқандарына табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799957-akmola-oblysynda-iz-tzsiz-ketken-39-zastagy-jel-adam-jsiz-zrgenderdi-arasynan-tabyldy.html