Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су астында сиқыр көрсетпекші болған белгілі иллюзионист жоғалып кетті

Опубликовано:

Үндістандық полиция қызметкерлері, құтқарушылар және еріктілер сиқыршы Мандрейк лақап атымен танымал болған белгілі иллюзионист Чанчала Лахириді іздестіруде. Ол кезекті қойылымын судың астында көрсетпек ниетпен өзенге түсіп, содан жоғалып кетті деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: rai77
Фото: rai77: Facebook

Бұрын сиқыршы осыған ұқсас бірнеше қойылым жасаған.

Осы жолы ер азаматты суға кранның көмегімен түсіріп, жәшіктің сыртын шынжыр және арқанмен байлады.

Қойылым сиқыршы ойлағандай болмады. Себебі үндістандық өнер иесі судың бетіне шықпады.

Ер азамат күрделі әдісті орындамастан бұрын, осы қойылымды 21 жыл бұрын орындағанын айтты.

"Егер мен өзімді босатсам, бұл сиқыр болады. Егер мұны істей алмасам, онда қайғылы жағдай орын алады", - деді Чанчала Лахир сиқырының алдында.

Айта кету керек, 2013 жылы иллюзионистер арасында үлкен жанжал туды. Оған себеп сиқыршы Мандрэйк. Ол өзінің жанкүйерлерін жинап, көпірдің жанында өнерін көрсетпекші болды. Сиқыр көруге келген адамдар жәшігінің есігі оңай ашылатындай етіп жасалғанын аңғарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1799966-zenni-astynda-sikyr-krsetpeksi-bolgan-belgili-illuzionist-zogalyp-ketti/

pixel