RU
Ақтоты Райымқұлова жаңа мәдениет және спорт министрі болуы мүмкін
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ақтоты Райымқұлова жаңа мәдениет және спорт министрі болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 17 мамыр күні мәжілісте әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің отырысы өтті. Жиында Қазақстанның мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындауға Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы мақұлданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ОКҚ

Фото: ОКҚ

Бұл мәселе комитет отырысында "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша кандидатураны премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелері Райымқұловаға бірнеше сауалдар қойып, өз тілектерін білдірді.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша осы мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Онда "Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының премьер-министрі ұсынған Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың кандидатурасын қарап, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін осы кандидатураны ұсыну мүмкін деп есептейді" деп көрсетілген.

Жиын соңында депутаттар кандидаттың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel