Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде гауһартас көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде гауһартас көру өңіңізде беделіңіз артып, сый мен құрметке бөленетініңіз жайлы хабардар етеді. Оrakul.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарларыңызға түс жору ұсынады.

Түсіңізде гауһартас көру нені білдіреді?
Көрнекі сурет:zemendaily.com: Facebook

Егер бойжеткенге сүйіктісі түсінде гауһартас сыйласа, ол шынайы өмірде сәтті күйеуге шығып, бақытты отбасын құрады.

Ал егер түсінде асыл тасты жоғалтып, оны таба алмаса, керісінше өңінде ұятқа қалып, беделінен айырылады. Сәтсіздіктер орын алып, тіпті жақындарынан айырылуы мүмкін.

Тәуекелге баруды ұнататын адам түсінде гауһартас көрсе, шынайы өмірде тасы өрге домалап, жетістіктерге жетеді деген сөз.

Саудамен айналысатын адам осы тасты түсінде көрсе, онда болашақта оны табысты келісімшарттар күтіп тұр.

Ал қайтыс болған адамның асыл бұйымын тағу шынайы өмірде басы дауға қалып, көпшілік сынына ұшырайтыны жайында ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1799989-tsiizde-gauartas-kru-neni-bildiredi/

pixel