RU

Англияда жалақысы 13,5 миллионды құрайтын бағбан іздестірілуде

Англиядағы ертегіге ұқсас Сент-Майклс-Маунт аралы бас бағбанды іздестіруде. Анықталғандай, оның жалақысы жылына 28 мың фунтты, яғни, 13,5 миллион теңгені құрайды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Корнуолл графтығында орналасқан аралда зәулім сарай, күшті толқынмен шайылып жатқан ескі айлақ, түрлі өсімдіктер жинақталған кең бақша мен құпия жерлер бар.

Жуырда аталған аралға бас бағбан қажет делінген хабарландыру шықты. Оның бір жылдық еңбекақысы 28 мың фунтты құрайды екен. Оған қоса, бағбанға бірнеше жатын бөлмесі бар үй беріледі.

Сонымен қатар, ол өз ісін жанындай сүйетін керемет топтың құрамында болады. Қазіргі уақытта аралда 30 адам жұмыс істейді.

Ал жыл сайын бұл жерге 350 мың саяхатшы келеді екен.

Алайда қызметкерге қойылатын арнайы талаптар да жоқ емес. Үміткердің өсімдіктер саласында тәжірибесі болуы міндет.

Ол физикалық тұрғыда мықты, ал жүйке жүйесі төзімді болуы қажет екен.

Себебі ол теңіздің дәл ортасында орналасқан жартастарды аралап, жиі кездесе бермейтін өсімдіктерді дұрыс баптауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799994-angliada-zalakysy-135-milliondy-krajtyn-bagban-izdestirilude.html