Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда газ жарылып, жеті адам зардап шекті (фото)

Опубликовано:

кадр из видео
Фото: Depositphotos

Қостанайда төтенше жағдай орын алды. Техникалық қызмет көрсету станциясында газ құрылғысы ауыстырылып жатқан сәтте газ жарылды деп хабарлайды Аlau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 17 маусым күні сағат 12:00 шамасында Лермонтов көшесінің бойындағы екі қабатты ТҚКС ғимаратында орын алған.

Төтенше жағдай орнынан түсірілген бейнематериалдар желіге тарап кетті. Видеодан жарылыс болған ғимараттың толығымен қирап қалғанын көруге болады. Анықталғандай, жарылыс салдарынан ғимараттың 90%-ы қираған.

Оқиғадан жеті адам зардап шекті. Алтауы бірден ауруханаға жеткізіліп ,тек үшеуі ғана емделуге жатқызылған. Зардап шеккен бір азаматқа медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткен.

Оқиға орнында шұғыл штаб құрылды. Қалада газ бен электр қуаты уақытша сөндірілді.

Өрт сөндірушілер өртті 12:47-де тоқтатты. Тілсіз жаумен күреске 98 адам мен 30 арнайы техника жұмылдырылды.

Сағат 13:24-те тоғыз газ баллоны эвакуацияланды.

Куәгерлер үйінділердің астынан біреуді шығарғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799998-kostanajda-gaz-zarylyp-zeti-adam-zardap-sekti-foto/

pixel