RU

Алматыда жүрек талмасы ұстаған азамат жол апатына түсіп, көз жұмды

Алматыда Daewoo Nexia көлігін жүргізген азаматтың жүрек талмасы ұстап, жол апатына түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Оқиға Жандосов-Яссауи қиылысында орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, Яссауи көшесінде солтүстік бағытқа кетіп бара жатқан жеңіл көлік жүргізушісі кенеттен автомобильді басқара алмай, жиектасқа, артынша бағанаға соғылған.

Бірден көлікке жүгірген куәгерлер ес-түссіз жатқан жүргізушіні көріп, жол апаты болған орынға жедел жәрдем шақырған.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Медицина қызметкерлері 51 жастағы жүргізушінің жүрек талмасы ұстағанын анықтады.

Олар азаматты жансақтау бөліміне алып кеткенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Оқиға орнында көлік жүргізушісінен басқа зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800014-almatyda-zrek-talmasy-stagan-azamat-zol-apatyna-tsip-kz-zmdy.html