Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денесінде айдаһар татуы бар алматылық 19 жастағы қыз табылды

Опубликовано:

Туысқандары 10 күн қатарынан іздестірген 19 жастағы Алматы тұрғыны үйіне қайтып оралды. Бұған дейін бойжеткеннің Қазақстаннан кеткені туралы хабарланған деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: volontery_almaty_lider.kz
Фото: volontery_almaty_lider.kz: UGC

Студент қыздың үйге қайтып оралғандығы туралы ақпаратты оның анасы хабарлады.

Әйел адам қызының дін аман екенін, жанұяларында бәрі өз орнына келгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын KAZ.NUR.KZ редакциясы Алматыда 19 жастағы студенттің жоғалғанын хабарлаған еді.

Полиция қызметкерлері оны төрт күн қатарынан Қазақстан аумағында іздестірді, алайда оның елімізден шетелге қарай шығып кеткені анықталды.

Іс-түзсіз жоғалған бойжеткеннің арқасында қызғылт түсті айдаһардың суреті бейнеленгені де хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800024-denesinde-ajdaar-tatuy-bar-almatylyk-19-zastagy-kyz-tabyldy/

pixel