RU
Бағлан Әбдірайымов адамдардың жіберетін ең үлкен қателігін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бағлан Әбдірайымов адамдардың жіберетін ең үлкен қателігін айтты

Рассказать Вконтакте

Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасында жантебірентерлік жазба жариялап, адамдардың көп жағдайда неден қателесетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басымызға сынақ қайдан келеді? Қазақ "жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен" деп неге айтты? Ойланып көрейік. Кәсіптен, ісімізден, өмірімізден, сөзімізден неге қателесіп, бақытсыз күй кешіп, депрессияға түсіп, өмірге өкпелеп, бұлқан-талқанымыз шығып жүреді?

Менің ойымша осының барлығын бастамас бұрын, осы сөзіме, ісіме, жүрісіме, тұрысыма, жатысыма, қызметіме, кәсібіме, өзге де әрекеттерге "Алла разы бола ма?" деген сұрақ қойған жөн секілді.

Әрине, Алла саған разы болса, ата-анаң разы, бауырың, елің разы. Жүрегің тыныш, берекең кіріп, бақытты ақшаға айырбастамай, "адам" атымызға кір келмей өмір сүреді екенбіз ғой деп қорытып қойдым", - деп жазды Әбдірайымов.

Ал желі қолданушылары "Жігіттер" квартетінің әншісіне пікір қалдырып, оның жазбасына қолдау білдірген.

"Тамаша жансыздар", "Тіл де, сөз де, көз де тимесін", "Дұрыс айтасың. Жақсылық та, жамандық та өзімізден", "Әркім өзі үшін жауап берсін", "Шешімді әр адам өзі қабылдағаны дұрыс" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Бағлан Әбдірайымов осыған дейін құмар ойынға салынған адамдарған көмек көрсету мақсатында семинар немесе рухани кеш өткізетінін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
3
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel