RU

Министрлік әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігі соңғы күндері Қазақстан аумағында әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: PxHere
Көрнекі сурет: PxHere: Depositphotos

Министрлік әлеуметтік желілердің жұмысындағы ақау Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де тіркелгенін алға тартты.

Оған қоса, құзырлы мекеме желіні қолдану мүмкіндігін арнайы жарлық бойынша шектеуге толықтай құқылы екенін жеткізді. Алайда, министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай бұйрық интернет істен шыққан күндері келіп түспеген.

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp, Instagram және Facebook желілерінің істен шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800044-ministrlik-leumettik-zelilerdi-isten-syguyna-katysty-pikir-bildirdi.html