RU
Мейрамханалар, моншалар мен сыйлықтар: Шпекбаев жаңа қызметте үндеу жасады
Жаңалықтар Қоғам

Мейрамханалар, моншалар мен сыйлықтар: Шпекбаев жаңа қызметте үндеу жасады

Рассказать Вконтакте

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің басшысы лауазымына тағайындалғаннан кейін өзінің алғашқы үндеуін жасады. Ол іс-сапарлар мен тексерістер кезінде шенеуніктерге берілетін сыйлықтар мен жайылатын дастархандар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kyzmet.gov.kz

Фото: kyzmet.gov.kz

Шпекбаев елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жаңа агенттік ұстау тәсілдерін әлсіретпейтінін мәлімдеді.

"Жаңа қызметтегі алғашқы жазбамда мемлекет аппаратындағы жағымсыз құбылысқа назар аударғым келеді. Олар-мемлекет ішіндегі іс-сапарлар кезінде қызметкерлерді теріс пайдалану және жайылған дастархандарға, сыйлықтарға жалғасатын, бітпейтін тексерістер",- деп жазды ол Facebook парақшасында.

Шпекбаевтың айтуынша, бұл мәселе көбіне облыстар мен аудандарда, ауылдарда туып отыр. Басшылықтың кездесуіндегі мұндай сызбаны Шпекбаев өткеннің қалдығы деп есептейді.

"Біз стандарттарына тең келетін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім ешкімді қабылдамайды, ал тексерулер қашықтықтан бақылау есебінен жүзеге асырылады. Түсінікті болу үшін, әр тексерушіге әрбір іс-сапар үшін логистиканы, тұру және тамақтану шығындарын жабатын қаражат бөлінеді.
Алайда, олар аймақтарға барып, бөлінген қаржыны мүлде пайдаланбауды жөн көреді. Жақсы қонақүйдегі нөмір, көп жағдайда артынан жанжалға ұласатын, үздік мейрамханадағы тұзды қияр қосылған түскі және кешкі астар, қымбат сыйлықтар мен аңшылық-барлығы тексеріліп жатқан әріптестерінің қалтасынан шығады",- дейді агенттік басшысы.

Ол басшылықтың кездесуінде барлығы жоғары деңгейде болу үшін жергілікті бизнесмендерді жиі тартатынын айтты. Нәтижесінде бизнесмендерге шенеуніктің қамқорлығына уәде беріледі.

Шпекбаевтың сөзінше, қазіргі заманғы және кәсіби мемлекеттік аппарат үшін бұл қолайсыз және жалпы мемлекеттік қызметтің беделін түсіреді.

Мұндай сызбалар үшін Қазақстанда қызметкер жұмыстан босатылып, нақты мерзім де беріледі.

"Барлық мемлекеттік қызметкерлерге, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлеріне, аймақтық іссапарларға, түрлі конференциялар мен семинарларға шығатын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың басшыларына айтамын.
Жоғарыда көрсетілген тәжірибелер жұмыстан қуылудан бастап бас бостандығынан айырылуға дейін қатаң санкицялар қарастырылған өрескел қателер болып табылады. Бұл қабылдайтын жаққа да байланысты",- деп жазды Шпекбаев.
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
4
26
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel