RU

Әдемі болу үшін қанша уақыт ұйықтау керек екенін білесіз бе?

Ұйқының ұзақтығы мен сапасы адам ағзасы мен сырт келбетіне едәуір әсер ете алады. Жеткіліксіз ұйықтаған жан әбіржіп, көзі қанға боялып, тері түсі сұрланып кетеді. Сол себепті адам үшін қолайлы ұйқының уақыты анықталды деп хабарлайды The Mirror-ге сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: mirdieta.ru
Фото: mirdieta.ru: UGC

Ұлыбритания ғалымдарының зерттеуінше, ұйқыға 9 сағат 10 минут уақытын жұмысайтын адамдардың сырт келбеті жақсарған.

Олардың терілері тазарып, көздері жарқырап, тері түсі едәуір жақсы жаққа өзгеріпті.

Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, адам үшін кешкі 9:45-те ұйқыға жатып, таңғы 6:55-те оянған қолайлы болып шыққан.

"Біздің арамызда көптеген адамдар әдемі көрінгісі келіп, сол үшін қыруар қаржы жұмсайды. Алайда біз қалыпты ұйқының сырт келбетімізге жақсырақ әсер ететінін ұмытып жатамыз. Оған қоса ұйқының сапасы да өте маңызды", - дейді ұйқы сарапшысы Неиль Робинсон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800050-demi-bolu-sin-kansa-uakyt-jyktau-kerek-ekenin-bilesiz-be.html