Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздардан көп хат келуде": Сайлау күні жұлдыз болған жігіт қашан үйленетінін айтты

Опубликовано:

Сайлау күні кішкентай қыз сыйлаған бір тал гүлді қабыл алып, желінің жұлдызына айналған Шамиль Хасанов KAZ.NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, алдағы жоспарлары мен қашан үйленетінін айтып берді.

9-маусым – елімізде кезектен тыс президент сайлауы өткен күні екі жасар бүлдіршін ұсынған бақбақ гүлін қабыл алған жас сарбаз көпшілікті сүйсінткен еді.

Кейін кішкентай қыздың көңілін қақпаған сарбаздың аты-жөні Шамиль Хасанов екені белгілі болды.

Сол күні желіде хит болған сурет жайлы білу үшін KAZ.NUR.KZ тілшісі Шамильдің өзімен тілдесіп көрді.

Жас жігіттің айтуынша, сол суреттен кейін оған әлеуметтік желіде хат жазып жатқан арулар көп екен.

"Сол жағдайдан кейін қыздардан көп хат келіп жатыр. Жеке өміріме келер болсам, болашақ жарымның өзім сияқты болғанын қалаймын. Мейірімді, қарапайым болса екен деймін. Ал дәл қазір үйленуге дайын емеспін, себебі жасым небары 18-де", - дейді сарбаз.

Сонымен бірге, әскерде өз борышын өтеп жатқан жігіт дәмді тағам әзірлеуді ұнатанын айтты.

"Өзім Алматы облысы Талғар ауданы Қызылқайрат ауылынанмын. Әскери бөлімшеге келгеннен кейін аспаз курсын оқып алдым.

Шынымды айтсам, тамақ әзірлеуді ұнатамын. Ол өнер маған анамнан дарыған, өйткені анам аспаз, әкем ІІМ зейнеткері.

Бірақ әрине өзімдікінен бұрын, анам дайындаған тамақтарды ұнатамын", - деп қысқа қайырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800077-kyzdardan-kp-hat-kelude-sajlau-kni-zldyz-bolgan-zigit-kasan-jlenetinin-ajtty/

pixel