RU
Үкімет басшысы Мамин жаңа министрлерді таныстырды (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Үкімет басшысы Мамин жаңа министрлерді таныстырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин жаңа мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы, сондай-ақ, жаңа құрылған сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті таныстырды.

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР жаңа мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы таныстырды.

Үкімет басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына мәдениет, спорт, туризм салаларының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

"Арыстанбек Мұхамедиұлы – тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде бес жыл ішінде қарқынды жұмыс істеп, осы саланың өзекті мәселелерін шешуге қатысты нәтижелі жұмыстарды атқарды", — деді Асқар Мамин.

Өз кезегінде, Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа туризм, мәдениет және спорт салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудағы өзіне артылған сенім мен көрсеткен қолдауларына алғысын жеткізді.  

Асқар Мамин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында Ақтоты Райымқұлованың аталған саладағы жоғары біліктілігін атап өтіп, ведомство алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табыс тіледі.

Асқар Мамин таныстыру барысында Бақыт Сұлтановтың басшылық қызметтердегі көп жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті.

"Бақыт Сұлтановтың жаңа мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастыруға және қойылған міндеттерді сапалы орындауға қажетті мол тәжірибесі бар", — деді А. Мамин.

Қазақстанның Премьер-Министрі Бақыт Сұлтановтың Мемлекет басшысының үлкен сенімін ақтап, жаңа министрліктің алдында тұрған маңызды міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Асқар Мамин Қазақстан президентінің жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған Мағзұм Мырзағалиевті таныстыру барысында оның білікті маман, тәжірибелі басшы екенін атап өтті.

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

"Президент Сізге, өте маңызды бағытты басқаруды және жаңа мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырып, алға қойылған міндеттерді орындауды сеніп тапсырды", — деп Қазақстан премьер-министрі барлық ұйымдастыру мәселелерін жедел шешуді және жұмысқа кірісуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel