Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі болып қайта тағайындалды

Опубликовано:

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінде қалды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: tvk-uko.kz
Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: tvk-uko.kz: UGC

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының  4-тармағына сәйкес Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын",- делінген президент сайтында.

Әбдірахымов Шымкент қаласын 2015-2017 жылдары басқарған. Екінші рет ол қала басшысы қызметіне 2018 жылдың 20 маусымында тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800087-gabidolla-bdirahymov-symkent-kimi-bolyp-kajta-tagajyndaldy/

pixel