RU

"Батыста - аптап ыстық, шығыста - жаңбыр": Қазақстанда ауа райы қандай болмақ?

Алдағы үш күнде Қазақстанның шығысында жауын-шашын мен жел күшейіп, батыста күн ысиды. "Қазгидромет" РММ мамандары болжамдарын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Батыста -аптаған ыстық, шығыста - жаңбыр": Алдағы күндерде ауа-райы қандай болмақ?
Көрнекі сурет: GISMETEO: Twitter

18 - 20 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтілуде.

Жауын-шашынның көбі шығыс өңірлерге жауады. Мамандардың ақпаратынша, бұл аймақта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Сондай-ақ шығыс аймақтарда бұршақ жауады деп күтілуде.

Ал Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарында, метеорологиялық болжам бойынша, аптаған ыстық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800091-batysta-aptap-ystyk-sygysta-zabyr-kazakstanda-aua-rajy-kandaj-bolmak.html